Python RPA – жүйелерде өзгерістерсіз қарапайым процестерді автоматтандыру
Қызметкерлеріңізді қайталанатын қызметтерден босатыңыз. Python роботтар оны сіз үшін дәл, жылдам және үздіксіз орындайды.
RPA — бұл қызметкер әрекеттерін имитациялайтын сандық роботтар: олар деректерді көшіреді, қояды, формаларды толтырады, хаттар жібереді және есептер жасайды.

INSARCO-дың Python RPA шешімі арқылы сіз:

Қызметкерлердің жүктемесін азайтасыз,

Процестерді жеделдетесіз,

Қателерді толық жоясыз.
  • Роботтар тәулік бойы жұмыс істейді және қате жібермейді
  • IT-жүйелерде өзгерістерсіз автоматтандыру
  • Бірнеше күн ішінде іске қосу
  • 1 айдан бастап өтелуі
RPA кимге қолайлы?
Бизнес иелеріне — команданы кеңейтпей-ақ бизнесті жылдамдату үшін
Қаржы директорларына — есептіліктерді, тексерулерді және төлемдерді автоматтандыру үшін
Операциялық директорларға — процестерден қол еңбекті алып тастау үшін
Іс-әрекеттерді жиі қайталайтын компанияларға — мемлекеттік сектор, логистика, телеком, қаржы салалары
Негізгі мүмкіндіктер
  1. Адам әрекеттерін имитациялау
    Робот батырмаларды басады, формаларды толтырады, файлдарды жүктейді, деректерді енгізеді – қызметкер сияқты.
  2. 1С, Excel, пошта, CRM, веб-порталдармен интеграция
    API және күрделі интеграциясыз таныс жүйелермен жұмыс істейді.
  3. Икемді іске қосу кестесі
    Тәулік бойы немесе кесте бойынша. Роботтар ауырып қалмайды және демалыс сұрамайды.
  4. Күрделі сценарийлерді қолдау
    Роботтар шарттарды тексеруге, ерекше жағдайларға жауап беруге, бірнеше дереккөздермен жұмыс істеуге қабілетті.
  5. Оңай масштабтау
    Бір процесс – бір робот. Жылдамдату қажет болса – бірнешеуін іске қосамыз.
Сұрақтарға жауаптар
Бізде бұл тапсырмаларды орындайтын қызметкерлер бар. Неге бізге робот керек?
Қызметкер шаршап, қателесе алады және белгілі кесте бойынша жұмыс істейді. Робот қарапайым жұмыстарды тезірек, қатесіз және тәулік бойы орындайды. Бұл қызметкерлерге неғұрлым маңызды міндеттерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Бұл қауіпсіз бе? Робот бірдеңені бұзады ма?
Жоқ. Біз роботтарды пайдаланушы әрекеттерін дәл қайталайтындай етіп баптаймыз — жүйенің ядросына қол жеткізбей. Сонымен қатар, барлық әрекеттер журналға түсіріледі және қате жағдайда алдыңғы күйге оралу мүмкіндігі бар.
Бізде 1С, Excel және әртүрлі порталдар бар. Бұны автоматтандыруға бола ма?
Иә. Python RPA 1С, Excel және порталдармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді — адам сияқты, бірақ әлдеқайда жылдам және демалыссыз.
Қиындықтар туғыза ма? Бұл IT-жүйелерге әсер ете ме?
Керісінше — RPA IT-жүйелерді өзгертпей қолданылады. Біз сіздің дерекқорларыңызға қол тигізбейміз, тек интерфейс деңгейінде жұмыс істейтін роботты қосамыз.
Қайтарымды болмай қала ма?
Бір тапсырманы автоматтандыру орта есеппен 1-2 ай ішінде өтеледі. Одан әрі — тек үнемдеу.
Сіз роботқа бере алатын жұмыстарға сағаттар мен жалақы жұмсайсыз.
Команданы қайталанатын жұмыстардан босатып, өсуге көңіл бөлудің уақыты келді!
Бизнесіңізге сандық көмекшіні енгізгіңіз келе ме?
Өтінім қалдырыңыз — біз компанияңыздағы қайталанатын процестерді бірнеше күн ішінде қалай автоматтандыруға болатынын көрсетеміз.
Форманы жіберу арқылы Сіз «Инсар Консалтинг» ЖШС-нің Құпиялылық саясатымен келісесіз және жеке деректерді өңдеуге рұқсат бересіз.